2022 жылғы 17 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жер сілкінісі кезінде университеттің басшылығы, командалық құрамының, ПОҚ, студенттерінің, жұмысшыларының, қызметшілерінің іс-әрекеттері» Сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Табиғи апаттар жағдайында дағдылар мен сауатты әрекеттерді дамыту мақсатында оқу-жаттығуларға қызметкерлер, студенттер мен оқытушылар тартылды. Қатысушыларға жер сілкінісінің пайда болу қаупі кезінде және қатты жер сілкінісінен кейін іс-қимыл тәртібі жеткізілді. Сондай-ақ, өрт туындаған жағдайда университет аудиториясынан қызметкерлерді, оқытушылар мен студенттерді қауіпсіз жерге көшіру бойынша жаттығулар өткізілді.